Қасым Жомарт Тоқаевтың әкесі туралы ой-толғауы

Майдангер және журналист Кемел Тоқаевтың есімі қазақ әдеби ортасында кеңінен танымал. Оны Қазақстандағы детективтік жанрдың негізін қалаушы деп санайды. Кемел Тоқаевтың өмірі мен тағдыры туралы оның ұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әке туралы ой-толғау» атты кітабында өз ойларымен бөлісті.
Кемел Тоқаев 1923 жылдың 2 қазанында кедей отбасында дүниеге келген. Оның туған жері - Алматы облысы Қаратал ауданының Кәлпе ауылы. Ол жетім балалық шақтың ауыртпалығынан, Ұлы Отан соғысының үрейінен өтті, алайда Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінің куәсі бола алмады.
Ұжымдастыру жылдарында Кемел Тоқаевтың отбасы аштан өлмес үшін туған жерін тастап кетуге мәжбүр болды.
«Қазақ ұрпақтарын жайпаған аштықтан аман қалуға және ауыр кезеңдердің өтуін күте тұру мақсатында, отбасылық кеңесте Фрунзе қаласына (қазіргі Бішкек, Қырғызстанның астанасы) көшу туралы шешім қабылданды. Фрунзеге дейінгі жол ұзақ әрі ауыр болды», - деп суреттейді Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әке туралы ой-толғау кітабында».
Фрунзе қаласында Кемел Тоқаевтың әкесі үй шаруасына күтім жасау бойынша ауыр жұмыстың орнына біраз уақыт сол үйде өмір сүре тұру туралы орыс отбасымен уағдаласты. 1933 жылы олардың кішкентай мазанкасында (ауылдық үйдің түрі) үлкен қайғы орын алды – пештің жанында ойнап отырған Кемел Тоқаевтың қарындасы өртеніп кетті, көз алдындағы баласының қазасын көрген анасы қайғыға шыдай алмай қайтыс болды. Қаладағы милиция Кемел мен оның ағасы Қасымды, ата-анасыз қалды деп есептеп, жетімдер панажайына жібереді. Бұдан кейін өмірдің мән-мағынасын жоғалтқан Кемел Тоқаевтың әкесі хабар-ошарсыз жоғалып кетеді.
Жылдар өте Кемел Тоқаев Фрунзелік жаяу әскер училищесінде сержанттық курстарды бітірді. Содан кейін оны Сталинград майданының құрамына кірген әскери бөлімге жіберді. Ұрыстарға қатысқан үш айдан кейін ол жараланды, бірақ әскери госпитальда қалғысы келмеген ол Бірінші Украиндық, содан кейін Екінші Белорус майданының құрамына кірген 7-ші гвардиялық танк полкінде болды.
Кемел Тоқаев шалғайдағы ауылдан шыққандықтан, орыс тілін мүлдем білмеді. Басынан өткен қиын жағдайларға байланысты соғыс оның алғашқы өмірлік университеті болды, ол жерде Кемел ерлік сабақтарын және қарым-қатынастың негізгі дағдыларын орыс тілінде алды. Оның өзінің әдемі жазуымен жазылған грамматикалық мысалдары бар жеке блокноталары сақталған. Ұлы орыс жазушыларының көркем шығармаларын да конспектілеп, тұтастай абзацтарды жатқа үйренген.
Кемел Тоқаев танк полкімен бірге Беларусь, Украина және Польшаның ұрыс майдандарынан өтті, Сталинград қорғанысына қатысты. 1944 жылдың соңына қарай ол Отан соғысы ордендерімен және Ерлігі үшін көптеген медальдармен марапатталды.
1945 жылы Тоқаев Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (Қазіргі ҚазҰУ) филология факультетінің бірінші курсына түсті. Ол оқуға әскери формамен және балдақпен барды.
Үш жылдан кейін ол өзін «Қазақстан Пионері» балалар газетінде журналист ретінде сынап көрді, бірнеше жылдан кейін басылымның бас редакторы болды. Сол кезде ол жазушының мансабы туралы алғаш рет ойлады. Ол өзінің алғашқы «Жұлдызды жорық» кітабын қазақстандық пионерлерге арнады.
«Өзінің алғашқы кітабын шығарғаннан кейін, үш жылдан соң әкем милиция қызметкерлерінің ауыр қызметіне арналған өте қызықты шығарманы аяқтады. Кітаптың атауы өте сәтті болды, ол бір сөзбен ғана аталса да, мағынасы өте терең болды: «Тасқын» («Поток», 1958 жылы жарияланды). Осы кітап жарияланғанға дейін қазақ тілінде мұндай көркем шығармалар болған жоқ, әкем осы жолға бірінші болып қадам басты», - деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кітап Кемел Тоқаевқа қазақ әдебиетіндегі детективтік жанрдың негізін қалаушы мәртебесін бекітуге мүмкіндік берді. «Тасқын» үшін ол алғаш рет милиция органдарының қызметіне арналған республикалық көркем шығармалар конкурсында бірінші сыйлықты алды.
Уақыт өтеді, және Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесінің шығармашылығына тіпті Америкада да қызығушылық танытады - АҚШ конгресінің кітапханасынан және Иллиной университетінен «Соңғы соққы» романының екі данасын жіберуді өтінген хат келеді.
Кемел Тоқаевтың шығармалары Қазақстанның Ұлттық кітапханасының сөрелерінде сақтаулы. Кітапханашы Онай Мырзагалиева мектеп жылдарында жанр шеберінің шытырман оқиғалы детективтерін қызығып оқығанын еске алады.
Кітаптарын орыс тіліне аудару мәселесі әкемді алаңдататын еді, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Мәскеулік аудармашыларды аудармаға тарту мүмкіндігі болмады, сондықтан жергілікті әдебиетшілердің қызметін пайдалануға тура келді, ал олар болса өз ісіне салғырт қарады, деп жазады ол.
«Әкесі, қалай болса да, аудармадағы қателіктерді түзеуге тырысты, мәтіндермен ұзақ уақыт бойы отыратын», - делінген «Әкесі туралы ой-толғау» кітабында. Ұлының айтуы бойынша, Кемел Тоқаев қайтыс боларының алдында оның балалары аяққа нық тұрып, қоғамда құрметке бөленіп, өз балаларына білім беруін армандайтын еді.
Қазақ жазушысы 2019 жылы, оның ұлы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасының Президенті болатынын білген жоқ еді.

Ақпарат көзі: m.ru.sputniknews.kz

FaLang translation system by Faboba