Қайырымдылық шыршасы

Әр жыл сайын қордың ұйымдастыруымен жетім және мүгедек балаларға, сонымен қатар аз қамтылған отбасылардың балаларына, ата-анасы мүгедек отбасыларында тәрбиеленетін балаларға қайырымдылық шыршасы өткізіледі. Жаңа жыл - ерекше мереке. Ғажайыптарды күтетін мереке. Жаңа жылды үлкендер де балалар да асыға күтеді. Балалар үшін ең сүйікті мерекелердің бірі. Мереке қарсаңындағы көңіл-күйдің өзі бір тамаша. Әсіресе жаңа жылды күтетін ең соңғы күндер өте жағымды. Түрлі түсті шарлармен, жылтырақтар және ойыншықтармен сәнденген әсем шырша. Ертеңгіліктер, тәтті кәмпиттепрге толы сыйлықтар және мерекелік көңіл күй. Қысқы демалыстар, Аяз атаға өз тілектерін жазған хаттар және сол секілді жаңа жылдық дайындық. Осындай керемет керемет көңіл-күйді Қайырымдылық қор көптеген жылдар бойы сыйлап келуде.

FaLang translation system by Faboba