«Мектепке жол» Республикалық акциясы

Қор әр жыл сайын болатын «Мектепке жол» Республикалық акциясына қосылады. Акция мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек беру.
Аз қамтылған отбасылардың балаларына қордан сырт киімдер, спорттық костюмдер, аяқ киімдер, канцелярлық заттар беріледі. Бірінші сыныпқа баратын оқушыларға арнайы жиынтық даярланады, онда: мектепке арналған сөмкелер, потфельдер, сырт киімдер, аяқ киімдер, спорттық киімдер, мектепке қажетті заттар қамтылған.

FaLang translation system by Faboba