Біз туралы

Кемел Тоқаев атындағы қор 2008 жылы құрылған. Қор бейкоммерциялық ұйым болып табылады. Қор өз алдына қызметінен табыс табу мақсатын қоймайды, қоғамдық-пайдалы мақсаттарды көздейді. Барлық кірістер оның жарғылық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталады. Қор өз қызметін еріктілік, жариялылық және өзін-өзі қаржыландыру қағидаттарында жүзеге асырады. Қордың қызметі қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғалардың өз мүлкі мен ерікті жарналары есебінен жүзеге асырылады.
Қор жазушы және журналист Кемел Тоқаевтың есімімен аталған.
Кемел Тоқаев 1923 жылы Талдықорған облысы Қаратал ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1948 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің редакцияларында қызмет атқарған, 1966 жылдан 1977 жылға дейін «Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы болып жұмыс істеді. Детективті-шытырман әдебиет жанрында жемісті еңбек етті. «Жұлдызды жорық» (1954), «Ағын» (1958), «Болашақ туралы ойлар» (1965), «Арнаулы тапсырма» (1968), «Түнде атылған оқ» (қазақ және орыс тілдерінде—1972, 1976), «Сарғабанда болған оқиға» (1975) әңгімелер мен повестердің тоғыз жинағын шығарды. «Таңбалы алтын» повесі чекист-қазақстандықтарға арналған «Өмірді аямай» атты ұжымдық жинаққа енгізілген (1977). 1956, 1972, 1977, 1980 жылдары К.Тоқаевтың повестері Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Жазушылар Одағы жариялаған конкурстарда бірінші сыйлықтарға ие болды. К. Тоқаев - «Қылмыскер кім?», «Қызыл комиссар» пьесаларының авторы. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, КСРО бірнеше медальдарымен марапатталған.
Қордың миссиясы балалардың лайықты өмірі мен толыққанды дамуы үшін көмек көрсету және жағдай жасау, отбасылық құндылықтардың басымдығын қолдау болып табылады.
Қордың мақсаттары:
Қордың мақсаты: білім беруді дамыту, Кемел Тоқаев атындағы орта мектеп оқушылары мен Үштөбе балалар үйінің тәрбиеленушілеріне материалдық және техникалық көмек көрсету; жоғары оқу орындарында білім алу үшін әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға грант бөлу, дарынды оқушыларды қолдау.
Қордың қызметі уақытында үлкен жұмыс атқарылды. Кемел Тоқаев атындағы орта мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарында білім алу үшін 18 грант бөлінді. Он алты бала Қазақстанда, екеуі Қытайда, Ханчжоу қаласында ғылыми-техникалық университетте оқыды.
Алтауы жоғары оқу орындарын бітіріп, жұмыс істеуде.
Төрт бала осы жылы оқуды аяқтайды.
Мектептің он оқу озаттары К. Тоқаевтің 10000 теңге көлеміндегі ай сайынғы шәкіртақысын алады.
Қор Үштөбе балалар үйі мен мектеп оқушыларына киім, кеңсе тауарлары, компьютерлер, жиһаз сатып алуға үнемі гуманитарлық көмек көрсетеді.
Ал бастауыш сынып балаларына жаңа жылдық шыршалар мен сыйлықтар қаншама қуаныш сыйлайды!
Кемел Тоқаевтың туғанына 90 жыл толуына орай мектеп аумағында Кемел Тоқаевты еске алу Аллеясының іргесі қаланды.
Кемел Тоқаевтың мұражайында оның жеке заттары қойылған: оның кітаптары, мұрағаттық құжаттары, «Кемел Тоқаевтың жауынгерлік жолы», «Әкесі мен ұлы» экспозициялары жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру бойынша жұмыс атқару орталығына айналды.
Ағымдағы жылдың қазан айында «Отан – бұл жазушының сөзімен мадақталған жер» атты экспозицияның ашылуы жоспарлануда.
Қор мектеп ұжымымен бірге ұлы жазушы Кемел Тоқаевтың шығармашылық мұрасын зерттеу бойынша жұмыс жүргізеді.
Осы мақсатта өткізілген:
Осы мақсатпен жыл сайын Тоқаев оқулары (жазушының туған күні, 2 қазанда) жүргізіледі:
Қорытындысы «Кемел Тоқаев – Жауынгер, Жазушы, Азамат» атты кітаптың шығуы болды.
Мақсаты:
- көп балалы және әлеуметтік қорғалмаған отбасыларға, мұқтаж және ауру балаларға, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға, балалар үйлері мен бақшаларға, балалар ауруханалары мен бөлімшелеріне, мектеп-интернаттарға, кәмелетке толмаған балаларға арналған оңалту орталықтарына, балалар бірлестіктеріне және балалар мәселелерін шешумен айналысатын өзге де ұйымдарға көмек көрсету және қолдау көрсету;
- балалар мен жасөспірімдерге елдің және шетелдердің үздік университеттерінде лайықты жоғары білім алуға, зияткерлік және шығармашылық мүмкіндіктерді дамытуға, жас таланттарды дамытуға жағдай жасауға көмек көрсету;
- өскелең ұрпаққа адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, балалар мен жасөспірімдердің өз еліне, оның мәдениеті мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
- жарғылық міндеттерді орындау үшін қаржылық, материалдық және басқа да қаражат жинау.
Қор өз мақсаттарына сәйкес мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Ерікті қайырымдылықтар және гуманитарлық көмек түрінде берілетін қаржы қаражатын, сондай-ақ басқа да мүлікті шоғырландыру;
Әлеуметтік маңызы бар объектілерді, оның ішінде мешіттерді, мектепке дейінгі мекемелерді, мектептерді, емдеу мекемелерін салу және оны ұйымдастыру;
Жеке бизнес өкілдерімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықта болу;
Қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мақсатында жергілікті атқарушы, өкілетті билік органдарымен ынтымақтастықта болу;
Қордың жарғылық міндеттерін орындау мақсатында өндірістік, ғылыми-енгізу және шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
Жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;
Кедейшілік шегінен тыс тұратын жетімдерге, жесірлерге, мүгедектерге, ауқатсыз, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және қолдау, қайырымдылық қызметтің басқа да түрлерін жасау.
Халықтың адамгершілік тәрбиесіне, патриоттық сезімдерін арттыруға бағытталған мәдени-бұқаралық, рухани-тәрбиелік, әлеуметтік-сауықтыру іс-шараларын өткізу;
Мәдени-тәрбие, рухани, ғылыми-техникалық, өндірістік, шығармашылық, дене шынықтыру-мәдени-сауықтыру қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша жұмыстар жүргізу, бос уақытын ұйымдастыру;
Жарғылық мақсаттар мен қызмет бағыттарын қолдау үшін кредиттер, қайырмалдықтар, демеушілік және қайырымдылық көмек, өзге де қаржы ресурстарын тартуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Қордың құрылтайшылары Кемел Тоқаевтың балалары мен немерелері болып табылады.

FaLang translation system by Faboba